+1

Оңтүстік Кореяда орман өртінен 15 мың гектар алқап жанып кетті

Оңтүстік Кореяда орман өртінен 15 мың гектар алқап жанып кетті

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысында басталған орман өрті 15 мың гектар жерді қамтып, толықтай сол аумақ өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Yonhap агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тілсіз жаумен күреске 110 тікұшақ пен 6700-дей адам жұмылдырылған.

Ульсан қаласы мен оның маңайына тараған өрт ауыздықтауға көнбей тұр.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ко Ки-донг 21 наурыздан бері апаттан 15 мың гектар аумақтағы орман алқабы жанғанын айтты.

Сондай-ақ өрт аумағынан 3300-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Айта кетерлігі, 21 наурызда Санчхон уезінде басталған өрт Ульсанды қосқанда, ауқымды аудандарға таралған. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы