Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ошағы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда жабайы құстардан жоғары патогенді тұмаудың ошағы анықталды.

Аурудың ошағы Чхунчхон-Намдо провинциясының Чхонан қаласында табылды. Бұл соңғы жеті айдағы елдегі алғашқы осындай жағдай, деп хабарлайды ТАСС ведомствоның ақпаратына сілтеме жасап.

Корея республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігі билік елдің құс фабрикаларында инфекцияның таралуынан қауіптенетінін айтты. 

Осыған сәйкес инфекцияның таралу қаупі туралы ескертілді. Сонымен қатар жұқтырған құстар табылған жерден 500 м радиуста толық карантин енгізілді. Жақын маңдағы құс фермаларының арасында 21 күнге қозғалыс шектелген, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы