Оңтүстік Кореяда коронавирусты 30 минутта анықтайтын құрылғы жасап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндағы ғалымдар коронавирусты небәрі жарты-ақ сағатта анықтай алатын биодатчик жасап шығарды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Қазір  бұл үшін негізінен ПТР-тест қолданылатыны белгілі. Алайда оның нәтижесін бірнеше сағат күту керек. Антигенді анықтайтын экспресс-тесттер де бар. Бірақ олардың дәлдігі күмәнді. 

Ғалымдар жаңа датчиктің көп пайдасы бар дейді. Өйткені олар дәлдігі жағынан да, уақыт үнемдеу жағынан да тиімді. Жалпы Оңтүстік Кореяда омикронның тез таралып, вирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланыст, енді ПТР-тестті тек қауіпті топқа кіретін адамдар ғана тапсырады. Қалғаны антигенді анықтайтын экспресс тест қолданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы