Оңтүстік Кореяда ереуіл басылар емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда жүк көлігі жүргізушілері ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты жалақы көтеруді талап етіп отыр. Наразылық акциясы өткен аптада басталды. Бұған дейін көлік министрлігі мен кәсіподақ өкілдері келіссөз жүргізген. Алайда бұдан түк шықпады. 

Енді тараптар уағдаластықты жалғастырамыз деп отыр. Оңтүстік Корея электроника мен көліктің әлемдегі ірі импорттаушысы саналады. Сондықтан наразылық акциясы кесірінен жаһандық логистикалық қиындықтар туындады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы