Оңтүстік Кореяда 30-ға жуық көлік соқтығысты: қаза тапқандар бар
Оңтүстік Кореядағы жоғары жылдамдықты автожолда шамамен 30 көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
YTN News телеарнасының мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, жол апатына жүк көлігі себеп болған. Оның жүргізушісі белгісіз себептермен рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Осыдан кейін аталған жол бөлігінде бірнеше ондаған автокөлік бірінен кейін бірі соқтығысып, тізбекті апат орын алған. Апат салдарынан бес адам көз жұмған, қаза тапқандар саны артуы мүмкін екені де айтылып отыр.
Жол-көлік оқиғасына байланысты магистральдағы қозғалыс іс жүзінде тоқтап, бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, апаттың мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтардың несиелері кешіріліп жатқаны рас па?
Келесі жаңалық
Қар, боран: 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы