Бүгiн 2026, 15:19 Фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда 20 жылдан кейін алғаш рет премьер-министр қызметіне әйел ұсынылды

Елде премьер-министр лауазымы негізінен әкімшілік және рәсімдік міндеттерді атқарады.

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён шағын және орта бизнес пен стартаптар істері жөніндегі министр Хан Сон Сукті елдің премьер-министрі қызметіне ұсынды.

Reuters агенттігінің президент әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, егер парламент бұл кандидатураны мақұлдаса, Хан Сон Сук соңғы 20 жылда Оңтүстік Кореядағы алғашқы әйел премьер-министр атанады.

Бұған дейін оңтүстіккореялық Naver интернет-алып компаниясының бас директоры қызметін атқарған Сон Сук елде жасанды интеллект технологияларын енгізу процесін үйлестіреді деп күтіліп отыр. Бұл туралы брифингте Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик мәлімдеді.

Хан Оңтүстік Корея экономикасындағы жартылай өткізгіштер өндірісінің қарқынды дамуы мен экспорт көлемінің артуынан туындаған өсімді шағын және орта кәсіпорындарды қоса алғанда, қоғамның барлық саласына әсер ететін жан-жақты өсімге айналдыра алады, – деді ол.

Агенттік мәліметінше, Оңтүстік Кореядағы президенттік басқару жүйесінде премьер-министрдің рөлі негізінен әкімшілік және рәсімдік міндеттермен шектеледі.