29 Қаңтар 2025 2025, 01:25
Фото: ашық дереккөз
Оңтүстік Кореяда 169 жолаушысы бар ұшақ өртенді
Оқыс оқиға Пусан әуежайында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға Пусан әуежайында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24kz-тің мәліметіне сүйенсек, алдын ала деректер бойынша өрт Air Busan жолаушы ұшағының құйрығында басталған. Ол халықаралық Кимхэ әуежайынан Гонконгқа ұшуға тиіс болатын.
Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі баспалдақ арқылы уақытылы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.