Оңтүстік Корея тоннелдерді зерттейтін робот жасап шығарды
Алматы, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның қорғанысты дамыту агенттігі тоннелдерді зерттейтін роботты жасап шығарғандарын мәлімдеді.
ATE автономды көлігі АҚШ армиясының жауынгерлік қабілеттерін дамыту қолбасшылығымен бірлесіп жасалған. Бұл туралы Defense News хабарлады.
Аталған агенттік роботты Hanwha Defense компаниясымен бірге жасап шыққан. Бұл машина топографиялық мәліметтерсіз-ақ жер асты тоннельдерін өздігінен зерттей алады. Робот қауіпті жағдайларды тіркеп, аумақтың үш өлшемді картасын жасай алады.
Сондай-ақ ол жасанды интеллект негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуге ие және автоматты түрде зерттеу тапсырмаларын орындай алады.
Робот ATE технологиясының арқасында тапсырмаларды жер астында да жүргізе береді, яғни GPS сигналы жоқ жерде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы