Оңтүстік Кореяда қазақстандықтың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда пәтерлердің бірінде Қазақстан азаматшасының денесі табылды.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматшаның денесі 16 қаңтар күні Ансан қаласындағы өз пәтерінде табылған. 

Қалалық полиция баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметке сәйкес, әйелді жуынатын бөлмесінде асылып тұрған жерінен тауып алған. Қазір тергеу жұмыстары мен сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Қазақстанның Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі қайтыс болған әйелдің туыстарына заң жүзінде қажетті көмек көрсетуде, - деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы