15 Қаңтар 2025 2025, 01:30 Фото: pixabay.com

Оңтүстік Корея президенті тұтқындалды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл өз резиденциясында тұтқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл өз резиденциясында тұтқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Yonhap агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, республика көшбасшысын қарауылшы жасақпен алып кеткен.

Бұл Оңтүстік Корея тарихында жұмыстан шеттетілгенімен, әлі де тақта отырған президентті тұтқынға алған алғашқы жағдай болып отыр. Жергілікті БАҚ басқа ақпаратпен бөліскен жоқ.

Ал президенттің өзі тұтқындалуын "қантөгісті" болдырмас үшін тергеуге "ерікті түрде бару" деп атады.