8 Наурыз 2025 2025, 05:35 Фото: Associated Press

Оңтүстік Корея президенті қамаудан босатылды

Биліктен уақытша шеттетіліп, әскери жағдай енгізгені үшін қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бостандыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биліктен уақытша шеттетіліп, әскери жағдай енгізгені үшін қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бостандыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Сеул соты Юнның босату туралы өтініш қанағаттандырып, оны қамауға алу туралы ордер процессуалдық құқық бұзушылық себепті жарамсыз деп танылды.

Юн Сок Ёль 19 қаңтарда елде бір ай бұрын оның әскери жағдай енгізгені үшін бүлік шығаруға күдікті деп танылған. Ол заманауи Оңтүстік Кореядағы қамауға алынған биліктегі алғашқы президент ретінде тарихта қалады.