Оңтүстік Корея өзінің COVID-19-ға қарсы препаратын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда дәрі-дәрмектер қауіпсіздігі жөнінде агенттігі жергілікті Celltrion Inc фармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19-ды емдеуге арналған препаратты ресми түрде мақұлдады.
Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Celltrion фармкомпаниясы аурудан кейін қалпына келу уақытын және ауыр жағдайдың ықтималдығын азайтатын препарат әзірледі.
CT-P59 препаратын жоғары қауіп-қатер тобындағы топтағы пациенттерге, яғни 60 жастан асқан адамдарға немесе жүрек аурулары, қант диабеті, жоғары қан қысымы немесе тыныс алу жүйесіне әсер ететін созылмалы аурулары бар адамдарға беруге болады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің Азық-түлік және фармацевтикалық қауіпсіздік министрлігі Celltrion-ге рұқсат беріп, жаһандық клиникалық сынақтың үшінші кезеңінің нәтижелерін ұсыну туралы шарт қойды.
Celltrion қаңтарда препаратты жаһандық клиникалық зерттеудің екінші кезеңінің нәтижелерін жариялады. CT-P59 аурудың қалпына келу уақытын және ауыр жағдайдың ықтималдығын азайтады.
Енді фармацевтикалық компания оннан астам елде CT-P59 қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша кешенді нәтиже алу үшін жаһандық клиникалық сынақтың үшінші кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар компания жақында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) мен Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігіне (EMA) шұғыл жағдайларда препаратты қолдануға рұқсат беруге өтінім жолдауды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, CT-P59 инъекция түрінде болады, ол тікелей тамырға бір жарым сағат ішінде енгізіледі.