Оңтүстік Корея біздің студенттерге грант береді
Қазақстан студенттері Оңтүстік Корея университеттерінде магистратурада тегін оқи алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы меморандумға Сеулде қала мэрі О Се Хун мен еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойды. Биылдан бастап Сеул қаласының әкімдігі Қазақстан азаматтарына жасанды интеллект, робототехника, биология және блокчейн бағытында білім алу үшін 10 білім грантын бөледі.
Шәкіртақы Сонгюгван, Кёнги, Ханян және Сеул университеттерінің магистранттарына беріледі. Ғылым және жоғары білім министрі Оңтүстік Кореяға екі күндік жұмыс сапарымен барған еді.
Саясат Нұрбек Қызылордада жасанды интеллект мектебін ашқан Сеул ұлттық ғылым және технология университетінде болды. Сондай-ақ, министр киберуниверситет басшылығымен кездесті. Осы оқу орнында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қазақстанға арналған залымен танысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да мемлекетке орман қорының 169,7 гектар жері қайтарылды
Келесі жаңалық
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Өзгелердің жаңалығы