Оңтүстік Америка елдерінің бірінде жойқын жер сілкінісі болды

Колумбияның орталық бөлігінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян бөлімшесіне сілтеме жасап.

Эпицентрдегі дүмпулердің қарқындылығына байланысты жер сілкінісі "жойқын" деп бағаланады.

Алтай-Саян тармағының жедел өңдеу деректеріне сәйкес, жексенбі күні AST сағат 18:08-де тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Вильявисенсио қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 73 шақырым жерде болған.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,3 деп бағалады. Оның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы