Оңтүстік Африкада су тасқынынан 45 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында бірнеше күн төпелеп жауған жауын тасқынға ұласып, 45 адам қаза тапты, деп хабарлады 24.kz.

Табиғат апатынан 45 адам қаза тапты. Қазір аймақтағы тас жолдар мен кемежайлар жабық тұр. 

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқару жұмыстарына әскерилер мен ондаған әуе көлігі тартылған. Мыңдаған адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Апаттан Африканың ірі жүк терминалы, Дурбан порты су астында қалды. Ондаған ғимарат қирап, электр желілері үзілген. Кей жерлерде лай көшкіні басталды. Қазір құтқарушылар із-түзсіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы