Оңтүстік Африкада шектеу шаралары күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасы коронавирус штамдарының таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтті. Бұл туралы ел президенті Сирил Рамафоса айтты, деді 28 маусымда Оңтүстік Африка Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол 14 күнге созылады. Енді осы уақыт аралығында тұрғындардың топтасып жүруіне болмайды. Мекемелердің алкогольді ішімдік сатуына рұқсат жоқ. Мейрамханаларда тек өзімен бірге алып кету қызметі ғана жұмыс істейді. Ал түнгі уақытта 21.00 мен 04.00 аралығында коменданттық сағат орнайды.

Айта кетейік, Оңтүстік Африка Республикасы – қара құрлық елдері арасында корнавирустан ең көп зардап шегіп отырған мемлекет. Қазір ол індеттің үшінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Тақауда ғана 15 мың адамнан қауіпті инфекция табылған. Бұл қаңтар айындағы көрсеткішпен шамалас. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдай Дельта штамының тым тез тарап кетуімен байланысты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы