Оңтүстік Африкада 21 млн бала аштықтан қырылуы мүмкін

БҰҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, Эль-Ниньодағы ауа райы құбылыстарынан орын алған Африканың оңтүстігіндегі құрғақшылық 27 млн-нан астам адамды тығырыққа тіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ABC News таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл – өңірдегі соңғы он жыл ішіндегі ең күрделі аштыққа себеп болды.

Бес мемлекет – Лесото, Малави, Намибия, Замбия мен Зимбабве – құрғақшылық пен соның салдарынан туындаған аштыққа байланысты кедейшілік режімін жариялады. Құрлықтың оңтүстігінде 21 млн-дай бала ашқұрсақ жүр.

БҰҰ бұл "толық ауқымды гуманитарлық катастрофаға" айналуы мүмкіндігін ескертті.

Эль-Ниньо – Тынық мұхитының орталық бөлігінде болатын табиғи құбылысү Соңғы Эль-Ниньо былтыр жылдың ортасында басталып, маусым айында аяқталды.

Аштыққа ұшырағандарды етпен қамтамасыз ету үшін Намибия мен Зимбабвенің билігі пілдерді қосқанда, жабайы аңдарды өлтіре бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы