Оңтүстік Африка Республикасында атыс болып, 10 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасында, Йоханнесбург қаласына жақын орналасқан елді мекенде болған атыс салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, белгісіз адамдар Йоханнесбургтен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерде орналасқан Беккерсдал елді мекенінде оқ жаудырған. Қаскөйлердің әрекетіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз.

Хабарламада шабуылдаушылар көшеде жүрген адамдарға талғамай оқ атқаны айтылған. Қазіргі дерек бойынша, 10 адам көз жұмып, тағы 10 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы