Онлайн сауда кезінде нені ескеру керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай мен карантин кезінде онлайн саудаға деген сұраныс артты, алайда киберқауіпсіздікке және желідегі алаяқтыққа қатысты кемшіліктер де бар. Осыған байланысты fingramota.kz желіде кез келген қаржы операцияларын жүргізу кезінде екі есе қырағы болу керектігін ескертеді.

1) Белгілі әрі ірі дүкенді таңдаңыз. Осылай істегенде ғана сіз интернет-алаяқтыққа ұшырамайсыз, алайда белгілі сайттардың клондары (көшірмелері) туралы әрқашан есте сақтау керек, сол себепті оған көз жеткізген жөн. URL-адресті мұқият тексеріңіз, әрқашан сертификатпен расталған қауіпсіз қосылуды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз. Браузердің адрестік жолында URL алдында иконка құлыпшасы болуға тиіс. Ол сайттың әдеттегі http орнына https қорғалатын қосылуды пайдалатындығын білдіреді. Мынадай цифрларды қамтитын URL бар дүкенге сенуге болмайды, мысалы - бұл алаяқтар болуы мүмкін.

2) Пікірлерді оқыңыз. Сатып алушылардан келген кері байланысқа талдау жасаңыз. Егер тауардың сапасына, жеткізу мерзіміне, осы дүкен қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне риза болмаған және ашулы адамдар саны көп болса, осы онлайн-магазиннен сауда жасаудың мақсатқа сай екендігі туралы ойланыңыз. Көп пікірдің жалған болуын, тапсырыспен жасалатындығын естен шығаруға болмайды.

3) Төлем әдістерін таңдау. Онлайн-дүкен неғұрлым көп төлем әдістерін ұсынса, соғұрлым жақсы. Егер ақшаны жеткізу кезінде немесе аудару арқылы төлеуге болса, тіптен жақсы. Алайда, барлық сақтық шаралары сақтай отырып, Сіз сатушының адалдығына, URL-нің дұрыстығына көз жеткізіп, сатып алушылардан дүкен туралы пікірлерді оқып шықсаңыз, картамен де төлей аласыз.   

4) Дүкеннің қанша уақыттан бері жұмыс істейтінін тексеріңіз. Бір күндік сайттар бар. Көбінесе олар сатып алушыларды аста-төк акциялармен қызықтырады, тауарларды нарыққа қарағанда екі есе арзан ұсынады. Бұл сайттың күмәнді екендігінің айқын белгісі. 
Онлайн «құжатсыз» деген сөз емес

Қолма-қол ақшамен төлей отырып, сатып алушылар фискальдық чекті, төлем құжатын, шот-фактураны және т.б. талап етуге құқылы. Сатып алушылар интернет-сатушылардан төлем шотын, шот-фактураны талап етуге құқылы.

Сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сізге электрондық поштаңызға тапсырыстың растамасы және шот келуге тиіс. егер осы деректерді сіз алмасаңыз, онда тауарды/қызметті ұсынатын, компаниямен міндетті түрде хабарласуыңыз керек – мүмкін, техникалық іркіліс болған шығар, сондай-ақ сіздің алаяқтардың интернет-бетінде мәміле жасағаныңызға күдіктену үшін негіз болуы мүмкін. Электрондық пошта бойынша өтетін барлық чектер мен ақы төлеу растамаларын қағазға басып шығарып, сақтаңыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы