Онкологиялық науқастар тегін дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

Қор тамыз айының соңына дейін жететін дәрілік препараттар қалғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2023 жылғы қарашадан бастап бекітілген "2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар" шеңберінде онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) енгізілгенге дейін 15 заманауи нысаналы дәрі-дәрмек препараттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыратынын хабарлайды.

2023 жылғы 28 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрінің № 176 бұйрығымен ТМККК-ға бұрын "Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры қамтамасыз еткен 15 препараттың 6-ы енгізілді. Олардың ішінде - Рибоциклиб, Абемациклиб, Апалутамид, Алектиниб, Иксазомиб, Даратумумаб.

ДСМ-нің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 176 бұйрығын әділет органдарында тіркеу оны жүзеге асыруға қатысты барлық қажетті механизмдерді мемлекеттік органдарға бұйрық қолданысқа енгенге дейін пысықтауды міндеттеуді көздейді

"Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры аталған ведомствоға бірнеше рет жүгінген, бірақ ДСМ-нің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 176 бұйрығын іске асыруды бастау тетіктері мен мерзімдері туралы сұрақтары жауапсыз қалған және терапияны үзу қаупін болдырмау үшін онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарды жоғарыда аталған дәрілік заттардың атауларымен қамтамасыз етуді жалғастырды, - делінген қор таратқан хабарламада.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың соңына дейін онкологиялық науқастарды алты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге дайын еместігіне қатысты өтініштерін қорға түсіруін жалғастырып жатыр.

Азаматтарды үздіксіз емдеуді қолдау мақсатында "Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры 2024 жылдың тамыз айының соңына дейін жететін жоғарыда аталған дәрілік препараттардың екі айлық қорымен қамтамасыз етті.

Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық денсаулық сақтау басқармалары, онкологиялық орталықтар нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабардар етілді. Сондай-ақ, "Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры Парламент Мәжілісінің депутаттарынан ДСМ 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 176 бұйрығының Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдары тарапынан орындалу мәселесін бақылауға алуды сұрады,- делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Алдыңғы жаңалық
Орман өрті азайды
Өзгелердің жаңалығы