Онкология, диабет: қорда қанша дәрі бар?

 Қазақстанда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің төмендемейтін қоры айтарлықтай көбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков Үкіметтегі брифингте, егер 2024 жылы қорда бар болғаны 12 препарат болса, қазір олардың саны 341-ге жеткенін айтты.

Біз негізгі нозологияларға басымдық береміз. Олардың қатарында: онкология, трансплантология, онкогематология, қант диабеті және басқа созылмалы аурулар кіреді. Сонымен қатар пациенттерді үздіксіз қамтамасыз ету үшін сақтауда болуы тиіс ең қажетті 25 препарат бойынша талдау жүргізіледі. Нормативтік актілерге сай екі айлық қор қарастырылған, бұл дәрі жеткізуде үзілістерге жол бермейді, – деді Нұрлыбек Асылбеков.

Еске салайық, бұған дейін қор басшысы өзінің қанша жалақы алатынын айтқан болатын.

Белгілі болғандай, Қазақстанда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін 21 млрд теңгелік тұрақтандыру қоры құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы