Онкологтар обыр дертіне шалдығу қаупін күшейтетін өнімді атады
Астана, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Андерсон атындағы онкологиялық орталықтың ғалымдары қантты шамадан тыс тұтыну обыр дертінің туындау қаупін арттыратынын анықтады. Бұл жөнінде Корреспондент ақпараттық порталы хабарлады.
Ғалымдар тышқандар тобына зерттеу жүргізген. Олардың бір тобына батыс елдерде тұтынылатын мөлшерге сәйкес келетін сахароза берсе, екінші топты қантсыз крахмалды диетаға отырғызған. Нәтижесінде, бірінші топтағы кеміргіштердің қанында қант мөлшерінің жоғары болуы ісіктің тез өсуіна алып келгенін анықтаған.Сонымен қатар, жоғары фруктозалы жүгеріден жасалған сусын мен асханалық қант тышқандардың өкпесінде метастаздың өсуіне себепші болғанын анықтаған.
Мамандар обыр, диабет, семіздік пен жүрек ауруларының алдын алу үшін қантты тұтынуды шектеуге кеңес береді.
Олар жоғары фруктозалы жүгері шәрбаты, кәмпит, балмұздақ, тосап, желе, шырын, йогурт секілді түрлі тәтті тағамдарда болуы мүмкін екенін ескеру қажеттілігін айтады. Сарапшылар, сондай-ақ, тәттінің орнына жеміс жеп, қантты сапалы балға алмастыруды ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналық оқушыларға екінші ауысымда сабақ болмайды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы