Өңірлік сауда мәселесі біз үшін аса өзекті – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тақырыптарын талқылады. Оның ішінде, сауда да бар. Біз жаратушы қосқан көрші елдерміз, сондықтан өңірлік сауда мәселесі біз үшін аса өзекті, деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.  

Қазақстан Қырғызстанның  үшінші сатысындағы тұрған ірі сауда серіктесі болып табылады: көрші елдің сыртқы сауда айналымындағы біздің елдің үлес салмағымыз өткен жылы 14,1% - ті құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы пандемия кезіндегі тыйымдардың әсерінен   сауда белсенділігін төмендетті, тауар айналымы 15% - тен көп төмендеді. Сауда айналымы 2020 жыды $796,2 млн. болса ал 2019 жыды   $939, млн құрады, - деп жазды министр.

Экспорттың да, импорттың да төмендеуі болды. Экспорт 9,9% - ке ($562,6 млн.), импорт 26% - ке ($233,6 млн.) төмендеді. Өткен жылы біз Қырғызстанға бидай мен темекі өнімдерін аз сатсақ, ал Қырғызстаннан киім мен аяқ киім, сәндік косметика мен керамикалық плиткалар аз әкелінді.

Антиковидтік тийымдар әлі де болса да, біз екі жақты сауданы кеңейтуді көздеп отармыз. Соның ішінде үшінші елдерден келген импортты екі елдің нарығында ауыстыру. Біздің перспективалы өнімдердің тізімі Қырғызстан нарығына жеткізілуі мүмкін 190 тауарлы түрден тұрады: тамақ өнеркәсібі, машина жасау және автомобиль өнеркәсібі, химия және мұнай химиясы, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдері.

Көршілеріміз де біздің нарықты зерттеу бойынша осындай жұмыстар жүргізіп жатқанына сенімдімін. Шекаралық сауда әрқашан жаһандық ағындардан тиімдірек. Себебі қысқа ең қысқа жол арқылы жасалады. Бұл, сайып келгенде, тұтынушы үшін өнімнің арзандауына әсер етеді және нарықтағы тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл мәселені мен апта соңында Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Бішкекке барып, бұйыртса, қырғыз әріптестеріммен сауда мәселесін талқылайтын боламын,  - деді Сұлтанов.

Министр көтерме - тарату орталықтарынан тұратын меншікті тауар өткізу жүйесі туралы да айтты.

Сол кездесуде біз міндетті түрде өзіміздің тауар өткізу жүйелерімізді түйістіру жөнінде сөз қозғайтын боламын: Қырғызстан, біз сияқты, бірнеше Көтерме - тарату Орталықтарынан тұратын меншікті тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмысты да жүргізіп жатыр

Міндетті түрде әріптестеріме Бірыңғай Еуразиялық тауар өткізу жүйесіне синхрондау бойынша біздің қөзқарасымызды таныстырамын.

Айта кететін жайт, бүгін Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция арасында 2021-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Сондықтан мемлекет басшылары алдымызға қойған жоспарларды орындау үшін бірлесіп жұмыс атқарып, екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын тереңдететі, нығайтатын боламыз, - деді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы