Өңірлік кәсіпорын Абай облысына 2 млрд теңге бөлді

Өңірлік кәсіпорын Абай облысына 2 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Кенбейіл Исаев әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында көшелерді абаттандыруға (көгалдандыру, электр жарықтандыру желілері, Мафалар және т. б.) 2 100 000 000 теңге бөлу жоспарлануда:
1 квартал (Уәлиханов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
4 квартал (Дулатов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін);
5 квартал (Қабанбай көшесінен бастап батыр Жамақаев көшесіне дейін).

Бұл меморандум өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде іске асырылатын болады.

Аумақты абаттандыру қаланың инфрақұрылымдық дамуы тұрғысынан маңызды және өзекті мәселесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы