Өңірлік кадр резервтеріне қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды

Өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 наурызда жоба іске қосылған уақыттан бастап onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 11505 адам тіркеліп, оның ішінде талап етілетін құжаттарды толық ұсынған 5354 қатысушы заңнаманы білуге тестілеуге жіберілді.

Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу құжаттарды қабылдау, заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерді бағалау, құзыреттерді бағалау, құрылымдық сұхбат, өңірлік кадр комиссиясының отырысы сынды 5 кезеңнен тұрады.

Келесі кезең 5-14 сәуір аралығында өтеді. Кезең екі блоктан тұрады: заңнаманы білуге ​​тестілеу (5-9 сәуір аралығында) және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (13-14 сәуір аралығында). Тестілеу ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және оның филиалдарының базасында офлайн форматта өтеді.

Өңірлік кадр резерві – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыруға бағытталған жоба.

Толық ақпарат алу үшін үміткерлер жобаның  ресми сайтында көрсетілген байланыс телефондары арқылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне хабарласа алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы