Өңірлерден келген оқушылар Ақорданы аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекені еліміздің әр аймағынан келген оқушылар ерекше атап өтіп жатыр.

Бүгін аймақтардан келген 34 оқушы елорданың көрікті жерлерін аралады.

Бұл іс-шара Білім және ғылым министрлігі мен елорданың білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Оқушылар 31 мамыр күні өз жетекшілерімен аймақтардан елордаға келіп, қонақ үйге жайғасты. Ал бүгін балалардың экскурсиясы бас қаладағы қонақтар жиі баратын Океанариумнан басталды. Сонымен қатар оқушылар «Ақорда» резиденциясын аралап, Президенттің маңызды шешімдерді қабылдайтын кабинетінде болды.

Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Сындар Дәуешованың жетекшілігімен балалар елорданы бірқатар көрікті жерін аралап үлгерді.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен барлық өңірден екі оқушыдан келіп, бас қаланың әсем жерлерін аралап жатыр. Экскурсияға қатысушы баланың барлығы дарынды. Олар түрлі республикалық, халықаралық деңгейде өткен жарыстардың жеңімпаздары. Балалардың барлығы әлеуметтік осал топтан шыққан. Бірақ түрлі жарыстарда жетістіктерін дәлелдеп жүрген балалар десем артық болмайды, - дейді ұйымдастырушы.

Сындар Дәуешованың сөзінше, балалар бүгін Ақордада болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс орнымен танысты. Ол Ақорданы көрген оқушылар ерекше әсерде болғанын айтады.

Ақордада болғанда оқушылар болашақта өз еліне қызмет ететіндерін айтып, арман-тілектерін білдірді. Ақорданы көру балаларға ерекше күш, мотивация сыйлады. Сонымен қатар Президенттің атынан балаларға планшет сыйға берілді, - деп айтты маман.

Айтуынша, «Ақордадан» шыққаннан кейін балалан Астаналық циркте болды.

Сондай-ақ оқушылар «Бәйтерек» монументінде де болды. Енді балалар осы жерден әл-Фараби атындағы оқушылар сарайына аттанды. Одан кейін Ұлттық музейді аралайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы