Өңірлерде киноға билет қанша тұрады?

Демалыс күндері қарсаңында қазақстандықтарға кинотеатрға бару қанша тұрады. 2022 жылғы желтоқсанда қалалардағы кинотеатрға бару билетінің орташа бағасы 1860 теңге болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 тг, одан кейін Шымкент – 2637тг, үшінші орында Түркістан қаласы, мұнда кино билетінің орташа бағасы 2598 тг.

Ең жоғары баға сондай-ақ Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Онда кино билетінің бағасы 1900-2500 тг аралығында.

Өзге қалаларда баға 1350-1850 тг айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында болып шықты. Мұнда киносүйер қауым бір сеанс үшін орта есеппен 1 321 теңге төлейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: matritca.kz
Өзгелердің жаңалығы