Өңірлерде 150 орындық оңалту орталықтары ашылады

Еліміздің 12 өңірінде 150 орындық оңалту орталықтары ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2021-2025 жылдарға еліміздің 12 өңірінде 150 орындық оңалту орталықтарын салуды жоспарлады. Бірінші оңалту орталығы Семей қаласында пайдалануға берілді. 6 өңірде құрылыс жалғасуда, 5 өңірде жобалау-сметалық құжаттаманы жер учаскелеріне байланыстыру және тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, бірнеше ұйым «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен аутизм спектрі бұзылған және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 8 күндізгі болу орталығын ашу жоспарланған.

Биыл сәуірде Шымкент және Павлодар қалаларында орталықтардың ресми ашылуы өтті. Кеше Талдықорған қаласында ресми ашылу өтті. Бүгін Орталықтың ашылуы Өскемен қаласында ашылды, – деді Назгүл Сағындықова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы