Өңірлерде 140 мың гектар жер халыққа қайтарылды – Кәрібек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек Жер аманаты комиссиясының жұмысы туралы өткен брифингте айтты.
Жер мәселесі - қазақ үшін ең маңвзды әрі қасиетті мәселенің бірі. Партия төрағасының қаулысымен «AMANAT» партиясының жаеынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Ол комиссия құрамына Мәжіліс дееутаттары, заңгерлер мен қоғам белсенділері, блогерлер, журналистер кірді. Жер комиссиясының басты мақсаты-пайдаланылмай жатқан, заңсыз алынған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып беру, - деді Кәрібек.
Ол атағандай, олигополия тек орталық деңгейде емес, әр аудан, ауыл деңгейінде жайлап отыр.
Жаңа комиссияның отырысы болып өтті. Бас прокуратура өкілдері, АШМ өкілдері, жкргілікті мемлекеттік органдар қатысты. Алдағы уақытта барлығымыз тығыз жұмыс істейміз. Комиссия тек кабинетте емес, өңірлерге шығып тұрады. Соңғы екі аптада 140 мың гектар жер ауыл тұрғындарына қайтарылды. Оның ішінде Қарағанды облысында 80 мың гектар, 47 мыңға дуығы Жамбыл облысында қайтарылды. Ертең 20 мың гектар жер Түркістан облысында қайтарылады. Бұл негізінен жайылымдық жерлерге байланысты. Ауылдағы азаматтар жерді шаруашылыққа пайдаланса, жағдай жақсы болса, жастар ауылға тартылады, - деді ол.
«AMANAT» партиясының жанынан жер комиссиясы құрылған болатын. Ол бос жатқан жайылымдық жерлерді, заңсыз жеке меншікке өткен жерлерді мемлекеттік меншікке қайтарып, кейіннен ауыл азаматтарына әділ үлестірумен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы айналысып жатыр.