Өңірлер дамымай ел дамуы мүмкін емес – Көлгінов

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов  айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлер дамымай тұрып елдің алға жылжуы да мүмкін емес. Ал өңірлердің өмір сүруге қолайлы болуы үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар ұлттық жоба қабылданды. Ақмола облысында жүзеге асып жатқан «Фостерлік отбасылар», «Ауыл Аманаты», «Жайлы мектеп», «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту», дуальды оқыту бағдарламаларымен таныстым. Сонымен Ақкөл ауданында орналасқан балаларды қолдау орталығына бардым. Онда «Фостер отбасылары» кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл – өте маңызды жоба, біздің міндетіміз – балаларымызды әлеуметтендіру. Бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы ортасында өмір сүріп, тәрбиеленуі үшін маңызды. Оқу-ағарту министрлігі тарапынан қажетті қолдаудың бәрі, оның ішінде нормативтік базалар бойынша да көмек көрсетілетін болады, - деді Көлгінов.

«Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы аясында Ақмола облысында 38 медициналық-санитариялық көмек нысаны (МСАК) салынады, бірқатар ауданаралық ауруханаларда күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізіледі. Көкшетау қаласында 630 төсекке арналған көпсалалы облыстық аурухана салынады.

Еліміздің өңірлері мен шалғай ауылдарда 2023-2025 жылдары 650-ден астам МСАК нысаны салынады. Биыл 300-ден астам МСАК нысанының құрылысы басталады, 30-дан астам ауданаралық орталық аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмысы жүргізіледі. 2023 жылға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өңірде қатысушыларға кредит беру үшін 1,2 млрд теңге бөлінді, олар елді мекендер мен шағын қалаларда жаңа жобалар ашуға және қолданыстағы жобаларды кеңейтуге жұмсалады. Бұл сол сияқты жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға да септігін тигізеді. Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. 2023-2025 жылдар аралығында 26 500 оқушыға арналған 20 мектеп салу жоспарланып отыр. Еліміз бойынша жаңа форматта 400-ден астам мектеп салу жоспарлануда, биыл 221 мектептің құрылысы басталады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы