Өңірдің транзиттік әлеуеті өте зор – Мемлекет басшысы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі баырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл өңірдің транзиттік әлеуеті өте зор. Сондықтан, мұнда халықаралық көлік-логистика компанияларын тарту аса маңызды. Сол үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылған, - деді ол.
Оған құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді.
Бұл жерде 2026 жылдың соңына дейін 22 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның жалпы құны – 450 миллиард теңге шамасында. Дегенмен, жүкті түсіріп, қайта тиеуге арналған орындар және оны сақтайтын қоймалар салу қажет. Осы бағытта жаңа, заманауи жобаларды қолға алған жөн, - деді Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тарихшы: Республика күні - жаңа Қазақстан құруда маңызды дата
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы