Өңірде мұндай суицид, балалар зорлық-зомбылығы ешқашан болмаған – Шөкеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев соңғы уақытта Түркістан облысында болған жағымсыз оқиғалар туралы БАҚ беттеріндегі жағымсыз ақпараттарға қатысты пікір білдірді.  

Соңғы уақытта облыста жағымсыз ақпараттар тарайды, педофилия, суицид. Қалай күресесіз?
 
"Шынымды айтсам, ешқашан мұндай болмаған. Өзім оңтүстік тумасымын. Осында өстім. Осындай суицид, балалар зорлық-зомбылығы ешқашан болмаған. Әрине, осы бағытта қате жіберіп алған шығармыз. Қазір осы бағыттағы жұмыстарға үздік мамандарды шақырып жатырмыз. Тұрақты түрде жиындар өткіземіз. Статистика былтырмен салыстырғанда біршама төмендеді", - деді Шөкеев баспасөз мәслихатында.

Ол суицид мәселесінде насихаттау мен жарнамалауға жол бермеу қажет екенін жеткізді. 
"Дәстүрлі әдістерді қолданбау керек. Мұны насихаттайтын болсақ, дүрліктірсек  бұл қайта суицид санын көбейтеді. Осы саладағы кез келген маман, психолог осылай дейді. Сол себепті жүйелі шараларды қабылдап, психологтарды арттырып, тәрбие жұмыстары туралы айту қажет. Алайда оны жарнамалауға, ақпараттық қолдауға болмайды. Сол себепті мұнымен жұмыс істейміз. Халықаралық мамандарды шақырып жатырмыз", - деп айтты өңір басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы