OneWebDemo пилоттық жобасын іске асыратын боламыз – Бағдат Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде OneWebDemo пилоттық жобасын іске асырылатын болады. Бұл тіпті шалғай ауылдарда да жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Әлемдегі байланыс операторларынан басқа, «спутниктік» интернетті ұсынатын жеке провайдерлер бар. Мұндай компаниялар аз емес. Илон Масктың Starlink-іне ең ірі және басты бәсекелестерінің бірі - OneWeb.

 

Біз жақында ғана OneWeb компаниясының бас директоры Нил Мастерсонмен онлайн кездестік. Қазақстандағы OneWeb ынтымақтастығы мен технологиялық мүмкіндіктерін пайдаланудың алдағы жоспарларын талқылап, олардың технологияларын Қазақстан аумағында бірлесіп тестілеу туралы келістік. Біз OneWebDemo пилоттық жобасын іске асыратын боламыз. Бұл халыққа тіпті шалғай ауылдарда да жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл технологиялар – байланыс сапасын барлық жерде дерлік болатын қамту деңгейін қамтамасыз ете алады, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
 

Жалпы айтқанда, OneWeb компаниясын бұрынғы Google қызметкері Грег Уайлер құрды. Қазір олар бүкіл әлемді жерге жақын орбиталық спутниктердің көмегімен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз еткісі келеді. 
 

Бұл олардың міндеті, ал біздің міндетіміз - интернетті барлық қазақстандықтарға қолжетімді ету. Сіздермен бірлескен жобалар басталған кезде жаңалықтармен бөлісетін боламын, - деп жазды Мусин.
 



 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы