Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олжас Сапарбеков 1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2001-2006 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ҰК құрылымында жұмыс істеді.

2006-2016 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде болды.

2016-2019 жылдары — «Атамекен» ҰКП департаменті сарапшысы, директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму, көлік комитеттері төрағасының орынбасары.

2023-2024 жылдары — ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы.

2024 жылғы ақпаннан бастап — өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

Бұрын осы қызметте болған Ілияс Есетұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы