Өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуі керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса, толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың 3/1-не жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет, - деді ол.
Ол атап өткендей, бұл – қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру.
Сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет. Өнеркәсіпті реттеу мен оған қолдау көрсету мәселелері түрлі заңнамалық актілерде көрініс тапқан. Бірақ ортақ мақсат көрсетілмеген. Жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ, - деді ол.
Мемлекет басшысы осы орайда өңдеу өнеркәсібін қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуі керек екенін айтты.
Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз, - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пандемиямен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленеді
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы