Өнердің міндеті адамның жүрегін тебіндіру – Тұрсын Жұртбай

Ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай еліміздегі мәдениет саласы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнер мен оны мәдениетке айналдырмаған халықтың әдебі жоқ. Әдебі жоқ халықтың бары не, жоғы не? Сондықтан да біздің ұлттың болмысын, тағдырын, ойын, әдебін, жалпы өмір сүрудің игілікті ісін көрсететін ол мәдениет. Сондықтан да қазір оған көңіл қатты бөлініп жатыр деп те айта алмаймын. Жоқ деп те айта алмаймын. Бірақ әйтеу бір орында қарап тұрған жоқ, - деді ғалым.

Ол өнер мен мәдениет қайраткерлерінің міндеті “Оян, қазақ” фильмі сияқты ұлтқа серпін беру екенін айтты.

Анда-санда ұлтты, оның санасын серпіндіріп отыру – өнердің міндеті. Мәдениет қайраткерінің де, өнер қайраткерінің де міндеті. Ол – адамның жүрегін сезіндіру, тебіндіру, жан-жүйесін тәрбиелеу. Сол жан-жүйесін тәрбиелеуді мұрат етсе, өнердің бақыты жанса, ұлттың да бақыты жанады, - деді Тұрсын Жұртбай.

Айта кетейік, министр мемлекет тарапынан өскелең ұрпаққа терең тарихымыз бен бай мәдениетімізді кино тілінде насихаттауға айрықша назар бөлініп жатыр.

Былтыр 18 ұлттық фильм түсірілді. Сондай-ақ былтыр жыл соңында тағы да 19 кино жоба іріктеліп, өндіріске жіберілді. Бүгінде олардың жұмысы жалғасып жатыр, – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мереке қарсаңында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы