Тоқаев өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы, рухани құндылықтар туралы мәлімет берілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтар ел дамуындағы маңызды фактор екеніне назар аударды. Қазақстан президенті заман талабына сай жаңа әдеби шығармалар жазылып, әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін айтты. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы