«Өнер көкпары» турнирінің жеңімпазы анықталды

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткен «Өнер көкпары» республикалық тұңғыш турнирі мәресіне жетті.

Финалдық ойында Шымкент қаласының «Құлагер-Шымкент» командасы мен Ақмола облысының «Ақмола» командалары кездескен болатын.



«ҚҰЛАГЕР-ШЫМКЕНТ» өнер-көкпары командасы


Команда бапкері, жаттықтырушы – композитор, әнші, асаба – Сакен Әлдібай 

1. Пайызов Нұрбол – асаба, продюсерлік орталықтың жетекшісі.

2. Бейсетаев Досжан – дәстүрлі әнші, асаба.

3. Асатаев Еркебұлан – фото-видео оператор.

4. Төлеш Абдібайұлы – фото-видео оператор.

5. Құралбаев Самат – әнші, асаба.

6. Кендірбаев Асылзат – асаба, Төле би ауданы мәдениет үйінің қызметкері.

7. Кашигов Қамбарбек – асаба.

8. Асылбек Бейсов – әнші, термеші.

9. Шерхан Есімхан – әнші, асаба.

10. Биболов Жанатбек – әнші, ән өңдеуші, квн өнерпазы.


«АҚМОЛА» өнер-көкпары командасы


Команда жетекшісі – әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Досымжан Таңатаров.

Команда бапкері, жаттықтырушы – Ақмола көкпар федерациясының президенті – Сағи Амантаев.

1. Батыр Бекжігіт – асаба, жүргізуші (команда капитаны)

3. Жоламан Олжабаев – әнші, музыка пәнінің мұғалімі

4. Шаһаризат Сейдахмет – әнші. «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы

5. Азамат Асқарұлы – актёр, әнші

6. Марғұлан Сәрсенбеков – асаба, музыкант

7. Алтай Бимен – «Жігіт сұлтаны» жобасының жеңімпазы, асаба, әнші

8. Жансұлтан Сабет – кино және театр актері

9. Айбек Кеңес – асаба, жүргізуші

10. Ілес Көпбосын – кино және театр актері


Тартысты өткен ойында Ақмола облысы құрамасы ерекше өнер көрсетті. Әсіресе команда капитаны асаба, жүргізуші Батыр Бекжігіт осы ойында барын салды. Соның нәтижесінде командасына жеңіс сыйлаған 3 салымды да өзі салды. Ал ақмолалықтарға есе жібермеуге барын салған Шымкент қаласы құрамасына тиесілі екі салымды да асаба Кашигов Қамбарбек салды. 

Осымен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Өнер көкпары» турнирінің тұңғыш чемпионы Ақмола облысының «Ақмола» құрамасы болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы