«Өнер көкпары». «Әулие ата» өз алаңында ұтылды

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай көкпардан «Өнер көкпары» республикалық турнирінде Қарағанды облысының құрамасы Жамбыл облысы құрамасынан басым түсті.


 

Көкпардан ел чемпионаты аясында Тараз маңындағы Бестөбе атшабарында еліміз тарихында тұңғыш рет «Өнер көкпары» республикалық турнирі өтіп жатыр.

Жарысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы. Жобаның үйлестірушісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Досымжан Таңатаров.


 

Турнирге Қарағанды облысы, Шымкент қаласы, Алматы қаласы, Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қалаларының өнерпаздары қатысып жатыр.


 

Сонымен, тартысты өткен қос команданың ойын соңындағы нәтижесі – 3:1-ге тең болды. Жеңіс Қарағанды құрамасының қанжығасында.


 

«Әулие атаға» тиесілі бір салымды әнші Сержанов Мағжан салды. Ал «Қарағанды» құрамасына тиесілі үш салымның екеуін команда капитаны, асаба Ерік Тезекбаев салса, біреуін әнші, асаба Данияр Дүйсенбаев салды.


 

 

Осы орайда айналым арасындағы 10 минуттық үзілісте Шымкент құрамасының көкпаршысы, әнші, термеші Асылбек Бейсов әсем әнмен көкпарсүйер қауымның көңілін көтерді.


 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы