«Өнер көкпары». Ақмола құрамасы «Алтын салым» арқылы финалға шықты

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының «Ақмола» өнер-көкпары командасы мен Алматы қаласының «Алматы» құрамасы арасындағы ойын тартысты өтті.

Бұған дейін екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының «Елорда» командасын жеңген жігіттер, бірін-бірі ала алмай шаршады.


Ойынның алғашқы айналымында есепті 1:0-мен аяқтаған ақмолалықтар, екінші айналымда алматылықтарға бір салым сауға мүмкіндік берді. Ал ойын аяқталғанда есеп – 1:1-ге тең болған еді.


Оқырмандардың есінде болса, Ел чемпионатында Қарағанды облысының құрамасы екі рет «Алтын салым» арқылы жеңіске жеткен болатын.


Бүгінгі Ақмола мен Алматы қаласының өнерпаздары да «Алтын салымға» жүгінуге мәжбүр болды.


Бас төреші Қуан Құрамаевтың берген 10 минутын «Ақмола» өнер-көкпары командасы сәтті пайдаланды. Есеп – 2:1, ақмолалықтардың пайдасында.


Сонымен, Алматы қаласына тиесілі бір салымды әнші, сырнайшы Орынбасаров Есім салса, Ақмола облысындағы екі салымды да Бекжігіт Батыр салды.


Сонымен, Ақмола облысы құрамасы финалға жолдама алса, алматылықтар Қарағанды құрамасымен ІІІ орын үшін таласып жатыр.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы