"Өнеге-Бисен-Сайқын" бағытындағы тасжолда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысы, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК” АҚ журналистерге арналған баспасөз туры барысында БҚО филиалының басшысы Қазбек Мамбетов айтты.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолдарында жалпы ұзындығы 248 шақырымды құрайтын жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазбек Мамбетовтың айтуынша, «Өнеге – Бисен – Сайқын» баңытында 103 шақырым жол жөнделіп жатыр.

Құрылыс екі учаскеде жүріп жатыр. Бірінші учаскеде  0-ден 50 шақырымға дейін дейінгі көлемді "Атырау жолдары" компаниясы салып жатса, 50-ден 103 шақырымға дейін "Ақ жол" компаниясы жүзеге асырып жатыр. Мердігерлердің барлығы отандық компаниялар.Құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін барлық қажет ресурс бар,- деді ол.

Мамбетов атағандай, учаскедегі құрылысқа 100-ден астам жол-құрылыс техникасы мен 170-ке жуық жол қызметкерлері жұмылдырылды.

Жер төсемін орнату, жол төсемесінің төменгі құрылымын салу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ инертті және құрылыс материалдарын  дайындау жұмыстары да жүргізіліп жатыр,- деді ол.

Жолды қолданысқа беру 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін жолдардың құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы