Өндірістік өлке. Павлодар облысындағы экологиялық ахуал жақсарды ма

Павлодар облысындағы ірі өндіріс ошақтарының заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде экологиялық ахуал жақсара түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық экология департаменті өкілдерінің мәліметінше, өңірдегі зауыттар қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттар көлемін айтарлықтай азайтқан. Жыл басынан бері тастандылар көлемі мың тоннаны құраған, бұл – салыстырмалы кезеңге қарағанда 750 тоннаға аз көрсеткіш.

Облыстағы өнеркәсіп нысандары үшін шығындылар бойынша шектеу 923 мың тонна көлемінде белгіленді. Сараптамаға сәйкес аймақтың экологиялық ахуалына жылу энергетикасы, металлургия, мұнай және тау-кен салалары әсер етеді. Негізгі ластағыш заттар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына тиесілі, - дейді экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков.

Мамандардың айтуынша, тастандылар көлемінің азаюының бірнеше себебі бар.

Мәселен, Қазақстан электролиз зауыты зиянды заттарды төрт мың тоннаға азайтты. Себебі, өндіріс үрдісінде кұйдірілген анод шығыны оңтайлындырып, оларды пайдалану мерзімі ұзартылды. Ал Екібастұздағы екінші мемлекеттік аймақтық электр станциясы құрал-жабдықтардың жұмыс режимін қайта қарастырды. Нәтижесінде тастандылар 2600 тоннаға кеміді. Павлодар мұнай-химия зауыты мен ірі энергия таратушы кәсіпорындар да заманауи технологияларды енгізіп, экологиялық жағдайдың жақсаруына үлес қосып жатыр. Мұнай зауыты 1979 жылы іске қосылған пешті жаңартты, - дейді мамандар.

Айта кетейік, салалық мекеме өкілдері экологиялық заңнаманы сақтау бойынша тексерулер жүргізіледі. Жыл басынан бері тұрғындар тарапынан түтіннің жағымсыз иісі және қоқыс орындарының пайда болуына байланысты 153 шағым түскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы