Өндірісте соңғы бес жылда 125 апат болды – Юрий Ильин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша бір жарым мыңнан астам тексеру жүргізілді, 27 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды, 1 184 адам 150 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупіне байланысты 432 объектінің және 4 субъектінің жұмысы тоқтатылды, - деді министр.

Оның мәліметінше, биылғы соңғы оқиғаларды ескере отырып, қауіпті өндірістік объектілерде 18 жазатайым оқиға тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға аз. Зардап шеккендер саны – 16, оның ішінде 9 адам қайтыс болды.

Осы жылы оң динамикаға қарамастан, өндірісте авариялардың туындау қаупі бұрынғысынша жоғары деңгейде қалып отыр, соңғы 5 жылда авариялардың 30%-ға өсуі байқалады. Бес жыл ішінде 125 апат болды, 110 адам зардап шекті, 53 адам қайтыс болды, - деп толықтырды ТЖМ басшысы Сенатта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы