Өңдеу өнеркәсібінің үлесін айтарлықтай өсті деп айтуға келмейді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экономикалық өсім мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтумен тығыз байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Жекешелендіру жүйелі және ашық жүргізіліп жатқан жоқ. Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға берілуге тиіс активтерді іріктеу тәсілдері айқындалмаған. Оны шұғыл әзірлеу қажет. Үкіметке Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, тиісті мемлекеттік комиссияның жекешелендіруге қатысты шешімдерінің толық, ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Экономиканы әртараптандыру күрделі міндет. Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. Бұл жұмыстың басты бағыты - өңдеу өнеркәсібін дамыту. Дегенмен ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін айтарлықтай өсті деп айтуға келмейді. Әлі күнге дейін бірқатар өнім түрінен импортқа тәуелдіміз,- деді Мемлекет басышысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы тағы бір арнайы жасақ дайындалатынын айтты
Өзгелердің жаңалығы