Өңделген өнім экспортын құруымыз керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтты.

Кеңес отырысының негізгі тақырыбының бірі – шикізаттық емес экспорттың дамуы. 

Ұзаққа созылған шикізаттық циклдің аяқталып келе жатқаны туралы аз айтқан жоқпын. Қазіргі сұраныс пен баға ауытқуы тек нарықтағы жағдайға байланысты емес, оған көз алдымызда жүріп жатқан технологиялық өзгерістер де әсерін тигізуде. Жасыл экономикаға көшу мемлекеттік саясаттың басты шараларына айналды. Бұл Қазақстандық экономиканы осыған көшіру мен технологиялық процестерді диверсификациялаудың қажет екенін білдіреді, - деді ол.

Оның айтуына қарағанда қазақстандық экономикалық жүйе тек ішкі инвестиция, шикізаттық сұраныс пен экспортқа сүйене алмайды. 

Біздің ел сапалы шетелдік инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасауда. Қазақстан ТМД елдері ішінде көшбасшылық рөлді сақтауды көздейді. Біздің саясат ішкі сұраныс пен өндірісте қазақстандық құн саясатын қалыптастыру өзгеріссіз қалуда. Сонымен қатар мұндай шараларда бұрмалауға жол бермеу керек, олай болғанда аймақтық, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қалыптасыру мүмкін емес, - деді ол.

 Президент өңделген өнім экспортын құру керегін айтты.

 Бұл қосымша экспорттық кіріс қана емес, ұлттық экномиканың сапалы, сұранысқа ие тауар шығару әлеуетінің көрсеткіші. Осы мәселеге қатысты бүгін нақты ұсыныстар күтеміз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы