Оңдасын Оразалин шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Хромтаудағы шахтасында жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.
Хромтау ауданындағы "ЖШС "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын және сабырлық тілеймін. Қазірде менің тапсырмаммен осы салаға жауапты орынбасарым Сәлімгерей Бекбергенов сонда жүр. Оқиғаның анық-қанығын жіті зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жағдай бақылауымда болады, – деп жазды облыс әкімі.Еске сала кетейік, кеше Хромтау ауданындағы шахтада жарылыс болып, төрт жұмысшы қаза тапқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2020 жылы АҚДМ: Жобалар, нәтижелер, қорытындылар
Келесі жаңалық
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
Өзгелердің жаңалығы