Ондаған мамандықтың ІТ мамандары Қазақстанға жұмысқа шақырылмақ
Компьютерлік ойын жасаушылар да сұранысқа ие мамандықтар қатарына қосылғалы отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылға арналған еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бекітілген жұмыс Жоспарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салалар бөлінісінде талап етілетін кәсіптер тізбесін өзектендіру мақсатында ішкі еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жаңартылған тізбе қалыптастырды.
Осыған байланысты шетелдіктердің елде тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес ЕХӘҚМ талап етілетін кәсіптердің жаңартылған тізбесімен бұйрық жобасын дайындады.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесі
Дәрігер-нейрохируг |
Дәрігер-гематолог |
Дәрігер-онколог |
Дәрігер-неонатолог |
Дәрігер-эндокринолог |
Анестезиолог-реаниматолог |
Дәрігер акушер-гинеколог |
Дәрігер-педиатр |
Сәулелік диагностика дәрігері |
Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші |
Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші |
Фармацевтика өнеркәсібінің инженер-технологы |
Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші |
Авиациялық инженер |
Ғарыш жүйесін аппараттық-бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі инженері |
Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер |
Лазерлік жабдық жөніндегі инженер |
Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші |
Инженер-медициналық радиохимик |
Инженер-медициналық физик |
Тоқыма шикізатының классификаторы |
Бактериолог |
АТ инфрақұрылымының архитекторы |
Бағдарламалық қамсыздандыру архитекторы |
Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші |
Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман |
Мобильді қосымшаларды әзірлеуші |
Компьютерлік ойындарды әзірлеуші |
Жасанды интеллект жөніндегі инженер |
Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман |
Ақпараттық жүйелер сәулетшісі |
Қосымшалар бағдарламашысы |
АКТ саласындағы бизнес-талдаушы |
Бағдарламалық қамтылым дизайнері |
АКТ жобаларының менеджері |
Ақпаратты қорғау жөніндегі инженері |
Бұлтты есептеу жөніндегі маманы |
Автоматтандыру жөніндегі инженер |
Web-әзірлеуші |
Бағдарламашы-талдаушы |
АКТ саласындағы ЖОО оқытушысы |
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман |
Сервер әкімшісі |
Қосымшалар әзірлеушісі |
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман |
Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс) |
Графикалық дизайнер |
Графикалық анимация технигі |
Суретші-иллюстратор |
Дыбыс инженері |
Бейнемонтажер |
Жаңартылған тізім ішкі еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жасақталып отыр, - делінген Еңбек министрінің бұйрығының жобасында.