Оңайгүл Тұржан: Көркем әдебиет – идеялар кешені
Көркем әдебиет оқу арқылы қоғамға жаңа идея ұсынуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Онлайн марафон барысында ақын Оңайгүл Тұржан қазіргі уақыттағы көркем әдебиет жайлы өз пікірін білдірді.
Бүгінгі күннің қахармандарына көбірек мән береміз. Біздің арғы жан дүниемізде батырларды көруге деген құштарлық бар. Қазіргі балалар қызығып жүрген фильмдердегі кейіпкерлердің аналогы да сонда бар. Солардың бірі Махамбет деп айтар едім. Махамбет тек күреске шығайық деген адам емес, өзінің поэзиясымен қоғамды қозғалысқа келтірген адам. Яғни өз заманының өзгерісін бастаған адам. Тек қана өзгертіп қоймай, бір қоғамнан екінші қоғам тудыруға әрекет еткен. Поэзияның құдыреті арқылы қоғамды өзгертіп барып, құрбан болды. Бүгінгі күні ондай өзгеріске түсіру үшін ондай құрбандықтың қажеті жоқ. Бірақ біз жан дүниемізбен осы өмір сүріп отырған заманымызды қалай сапалық деңгейге көтере аламыз. Сапаға жұмыс істеудің ең бір жақсы жолы ол - идея айту. Біздің жүретін, көретін жолымыз алда тұр. Барлығымыз қоғам болып бірігіп кетсек, керемет дәрежеге жетеміз, - дейді Оңайгүл Тұржан.
Көркем әдебиеттің әлемдік аренада ала орны қалай деген сұрақты да жауапсыз қалдырмады.
Көркем әдебиетті әлемдік бизнесмендер керемет оқиды екен. Лондонға барған кезімде көзім жетті. Көркем әдебиет - идеялар кешені. Көркем әдебиет оқу арқылы қоғамдық дамуда жаңа белестерге көтерілеміз деп ойлаймын, - деді Оңайгүл Тұржан.