"Оңай шешім болмады": Конор Макгрегор президент сайлауына қатысудан бас тартты

UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор 2025 жылдың 11 қарашасына жоспарланған Ирландия президенттік сайлауына қатысудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бұл туралы 15 қыркүйекте X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеп, бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын атап өтті.

Отбасыммен кеңесіп, ұзақ ойланған соң, мен бұл президенттік сайлауға өз кандидатурамды ұсынудан бас тартамын. Бұл оңай шешім болмады, бірақ қазіргі сәтте бұл - дұрыс шешім, - деп жазды Макгрегор.

Ол сонымен қатар саясатты өзінің болашақ мансабының маңызды бөлігі ретінде қарастыратынын және алдағы уақытта міндетті түрде қайта сайлауға түсетінін айтты. 

Спортшының айтуынша, бұл оның "саяси жолының бастамасы ғана" және ол Ирландия азаматтарының құқықтарын қорғауды әрі елдің халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды жалғастыра бермек.

Еске салайық, бұған дейін Макгрегор президенттікке үміткер болатынын жариялаған еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы