"Оңай істі құрдымға жіберді". АҚШ Қаржы министрі Зеленскийді сынға алды

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Украина президенті Владимир Зеленскийді және оның кеңесшілерін сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп  Украинамен экономикалық келісімге келуді сұраған, бұл Трамптың бейбіт жоспарының бір бөлігі болған. Алайда Зеленский Киевте де, кейін Мюнхенде де келісімге қол қоюдан бас тартқан. Осыдан кейін украиналық тарап Ақ үйге баруға өтініш білдірген.

Ол (Зеленский) Ақ үйге келіп, әлемдегі ең оңай нәрсе болуы тиіс болған істі құрдымға жіберді. Ол тек келіп, баспасөз мәслихатын өткізіп, бірге түскі ас ішуіміз керек еді. Егер бірдеңе айтқысы келсе, сол жерде айтуына болар еді. Барлығы үстелде тұрды – бірақ ештеңеге қол қойылмады, – деді Бессент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы